Дін – тұрақтылық кепілі
Дін – тұрақтылық кепілі
19.11.2019
432
0

2019 жылдың 19 қараша Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округі жоғарғы сынып оқушыларымен «Дін – тұрақтылық кепілі» тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маман Бердуәлі Өтеген кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен зайырлылық ұстанымдары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ Ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дінімізді әрбір мұсылман азаматы білуі міндет екенін ескертті.деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы туралы сөз қозғады. Деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтірер зияндары; қазақ халқының құндылықтары мен мемлекетіміздің басқарылу жүйесіне қарсы екендіктері туралы айтылды. Сөз соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, еліміз аман, жұртымыздың тыныштығын тілеп кездесуді аяқтады.

На изображении может находиться: 4 человека, в помещении

На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят и в помещении

 

0 пікір