ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
04.12.2025
556
0

 

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен дін істері басқармасының ұйымдастыруымен а.ж. 4 желтоқсан күні Түркістан қаласы, «Достық үйінде» «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқан тұлғалардың еңбегін бағалау. Марапат иелері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігіне, қоғамда дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ діни тұрақтылықты нығайтуға өздерінің кәсіби үлесін қосты.

Шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы құттықтау сөз сөйлеп, дін саласындағы маңызды жұмыстарға тоқталды.

Шара аясында дін саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырып, белсенді жұмыс атқарған қала және аудан әкімдіктері марапатталды. Жыл бойы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі, сапалы және нәтижелі түрде атқарған өңір әкімдіктері арнайы марапаттарға ие болды:

«Үздік ақпараттық түсіндіру тобы» номинациясымен Шардара ауданы мен Арыс қаласы әкімдіктері;

«Үздік зияткер имам» номинациясымен Жетісай ауданының бас имамы Б. Шаймерден;

«Үздік дін маманы» номинациясымен Кентау қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж. Аринова мен Қазығұрт ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы Б.Мәлік;

«Үздік сектор меңгерушісі» номинациясымен Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М. Аймаханов;

«Үздік мақала» номинациясымен Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы – Қ. Аширбаев;

«Үздік қарсы насихат парақшасы» номинациясымен Созақ ауданы әкімдігі;

«Үздік руханият орталығы» номинациясымен Кентау қалалық Руханият орталығы;

«Үздік қарсы-насихаттық бейнеролик» номинациясымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қ. Салықбаев марапатталды.

Сонымен қатар, ынталандыру сыйлықтары – Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласына табысталды.

Әр номинация жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

0 пікір