Дін мен дәстүр тағлымы
Дін мен дәстүр тағлымы
09.09.2019
415
0

Мақтаарал ауданы, Атакент кенті ХҚКО қызметкерлеріне «Дін мен дәстүр тағлымы» тақырыбы жайында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Мақтаарал аудандық маманы Д.Аманов кездесу өткізді. Дәстүріміз бен тарихымыз– халқымыздың сыртқы ықпалға төтеп беретін рухани иммунитет екенін ескеріп, осынау игі идея діни орта мен зайырлы қауымды бір мүддеге біріктірген қуатты күшке айналды. Діни мерекелерді ұлттық нақышпен үйлестіріп, айрықша атап өтудің мәдениеті қалыптаса бастады. Бүгінде имам-молдалар тек діннің ғана емес, дәстүрдің де насихатшысына айналды. Уағыздарда ақын-жырауларымыздың тағылымды тұжырымдары, өнегелі өлеңдері қоса айтылатын болды. Басты мақсат – тарихи тамырымызға зер салып, дін мен тарихымыздың байланысын терең зерделеу, Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы екенін қоғамға насихаттау, ұлттық тарихымыз бен елдік санамызды, ұжданды тұлғаларымызды саралап, олардың өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа үлгі ету.

0 пікір