Дін мен дәстүр сабақтастығы
Дін мен дәстүр сабақтастығы
24.01.2020
569
0

2020 жылдың қаңтар айының 24 күні Жетісай ауданында орналасқан «Н. Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің оқушыларымен» «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай аудандық мамандары М. Салиходжаев және Б. Шаймерден «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
????Маман Б. Шаймерден:Дін де, дәстүр де қоғамды біріктіруші рухани бастаулар болып табылады. Сондықтан қоғамдық санада дін қағидаттары мен салт-дәстүрлерімізде қайшылық болмауы қажет.
????Біздің салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз ислам дініндегі құндылықтармен үйлескен, біте қайнасып, сабақтасып кеткен. Кез келген мәдениетіміздегі құндылықты, салт-дәстүрді алып қарасақ діннен негізін табамыз. Қарапайым халық олардың діндегі орны бар екенін білмеуі мүмкін. Бірақ, ол діндегі негізгі құндылықтардың бірі. Ал, дәстүрдің анықтамасына тоқтала кетсек, Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі тұрғызған мінез-құлықтың үлгілері, күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-құлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін термин.
????М. Салиходжаев: Салт - дәстүр қоғам мен халықта қалыптасқан мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, қоғамға бейімделіп келеді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. 
????Ал, жат ағым өкілдерінің салт-дәстүрімізді жоққа шығарып, терістеудегі мақсат – Еліміздің іргесін осындай теріс идеологиялармен улау. Жастарымыздың санасын теріс ойлармен адастыру. Бір сөзбен айтқанда Еліміздің болашағына балта шабу. Қазіргі жаһандану жағдайында халқымыздың болмысын сақтауда дін мен дәстүрдің сабақтастығын жете түсіну ерекше орын алады. Сондықтан, біз дінді айтқанда дәстүрді, дәстүр дегенде дінді айтамыз, екеуін бөліп ажырата алмаймыз.
????Қорыта айтқанда, біз ұлттық дәстүріміздің дінге қайшы келмейтіндігін, үндестігін көрсетуіміз керек. Елдігімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жоғалтпау мәселесі қазір көкейкесті болып отыр. Бұл деструктивті діни ағымдарға тосқауыл қоюдың тиімді бір жолы.

На изображении может находиться: 11 человек, люди сидят и в помещении

 

На изображении может находиться: 2 человека, экран и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Максат Салиходжаев, экран, офис и в помещении

0 пікір