Дін және жастар
Дін және жастар
20.11.2019
698
0
Бүгін Мақтаарал ауданы, Мақтажан жалпы орта мектебінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Мақтаарал аудандық бөлімі мамандары Д. Аманов және А. Жәлел «Дін және жастар» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесуде дінтанушы Д.Аманов «Дін және жастар» тақырыбы аясында мектеп оқушылары мен ұстаздарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың діни сенім бостандығы жөніндегі құқықтары, аудандағы діни ахуал, дәстүрлі дінді экстремистік бағыттағы ағымдардан ажырата білу, бүгінгі таңдағы жастардың жаппай дінге бет бұруы ( мешітке бару, намаз оқу, хиджаб кию мәселесі, т.с.с), тәрізді көкейтесті мәселелер бойынша бірқатар толыққанды ақпараттар беріп өтті.
 
Өз кезегінде мұғалімдер, мектеп оқушылары тарапынан қатысушыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс пікірлері ортаға салынды.
 
 
 
0 пікір