Дін және жастар
Дін және жастар
21.10.2019
629
0
2019 жылдың 21 қазан күні Сайрам ауданы Ақсукент ауыл округіндегі №93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына «Дін және жастар» тақырыбында кездесу болып өтті.
 
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.
 
Дінтанушы – теолог маман Қазір біздің елімізде ғана емес бүкіл әлемде де,жастар мен кәмилетке толмағандардың деструктивті діни ұйымдарға белсенді қатысуының үрейлі үрдісі байқалады. Жастардың санасын улау бағытындағы кітаптар, кітапшалар ,ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілерде парақшалар көптеп ашылғандығы байқалуда.Деструктивті ағымдарда жүрген жастар өз халқының салт - дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып,өздері тұратын қоғамнан шектетілуде.Осы ретте жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей, үлкенге құрмет,білімге деген қызығушылық,қонақ қадірлеу,түрлі спорттық шаралар,ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек екендігін айтып өтті.Сонымен бірге Деструктивті діни ағымдардың зияны,олардың психологиялық портреті,қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай,олардың белгілері,сөз және іс – әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді.
 
 
 
 
 
 
0 пікір