Дін және жастар
Дін және жастар
16.09.2019
248
0

Мақтаарал ауданы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру қызметкерлерімен облыстық қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Мақтаарал аудандық бөлімі мамандары Д. Аманов және А. Жәлел «Дін және жастар» тақырыбында жалпы кездесу өткізді. Кездесудегі басты мақсат - Жастар арасында экстремисттік әрекеттерді болдырмау, өскелең ұрпақты патриоттықа тәрбиелеу, отанға деген махаббат, жастар арасында деструктивті діни ағымға қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру, әртүрлі этностардың әдет-ғұрпына жастарды құрметке баулу, қазақстандық халықтың тұрақтылығы, гүлденуі және ынтымақтастығы. Мекеме қызметкерлеріне еліміздің болашағының кепілі саналатын жастарды тәрбиелеуде отансүйгіш патриот, рухани және психологиялық тұрғыдан мықты және салауатты болып өсуі үлкен рөл атқаратындығы айтылды. Елімізде жастардың ізденгіш, арманшыл болмысын өмір шындығымен ұштастыру және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін барлық жағдайлар жасалуда. "Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздегі жастарға бағыт – бағдар беруші тұлға ретінде өзіңіздің тәрбиеңіздегі жастарды бір сәт қадағалап, діни ұстазды таңдауда барынша сақ болуға шақырсаңыздар. Жалған уағызшылардың шақыруын ойланбай қабылдап, жетегінде кетпей, әрбір іс-әрекеттері мен қадамдарын ақылға салып, оларды қоғамда белгіленген жүріс-тұрыс және адамгершілік нормалары тұрғысынан пайымдауға тырысқандары жөн. Жастарымыздың материалдық жағдайын көтереміз деп жүріп, рухани дүниесін жүдетіп алмайық" - деген ой тасталды. Кездесу соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берілді.

0 пікір