Деструктивті діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтандыру
Деструктивті діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтандыру
12.02.2020
577
0
Бүгін 2020 жылдың ақпан айының 12 – жұлдызында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаевтың қатысуымен Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінде орналасқан «А. Жами атындағы №24 жалпы орта мектебінде» мектеп ұстаздары мен оқушыларына дін салсасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтандыру» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Дінтанушы маман М. Салиходжаев: Дін атын жамылған ағымдар елімізде кездесіп жатады. Осынау ағым, секталардың ешқайсысы дұрыс емес, бұрыс екендігі айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ өкінішке орай, біздің кейбір жастарымыздың әлі де болса солардың еліткеніне еріп, желіктеріне желігіп, шырмауынан шыға алмауда. Өз құндылығымызды өзіміз қадірлей білмегеннен, кім болса соның соңынан еріп, жетегінде еріп, жүре береміз. Сондықтан ұлттық қасиетімізді де бағалай білгеніміз жөн.
 
Кездесу барысында дінтанушы – маман жиынға қатысушыларға жат ағымдардың көксегені еліміздің тыныштығын бұзу жолындағы әрекеттерінің бірі - ұлтымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарын теріске шығарып, жастарымыздың санасынан патриоттық, ұлтқа, елге, Отанына деген сүйіспеншілігін жойып, өз мақсатттарына қолдану екендігі ескертілді. Өз кезегінде мектеп ұстаздары өздері саналарына білім мен тәрбие нәрін құйып отырған оқушыларынан мұндай жаңсақ іс – әрекеттер шықпайды деген мол сенімдері барын айтса, оқушылар да жат ағымдардың жетегінде кетпей, білім нәрімен сусындап, ата – анасы, ұстаздарының үміттерін ақтап, еліміздің ертеңіне тек қана оң үлесін қосатын тәрбиелі де тәлімді тұлға болып өсіп, жетілуге уәделерін берді.
 
На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении
 
 
На изображении может находиться: 15 человек, люди улыбаются
 
На изображении может находиться: 19 человек, люди стоят
0 пікір