Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтандыру
Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтандыру
08.11.2019
447
0

2019 «Жастар жылына» орай жастардың бойында отансүйгіштік, патриотизмді қалыптастыру, рухани құндылықтарды бойына сіңіру және керағар ағымдардың алдын алу мақсатында бүгін 2019 жылдың қараша айының 8 күні «Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтандыру» тақырыбында Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан «М. Горький атындағы мектеп - гимназиясының» оқушыларымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаев семинар кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына деструктивті діни ағым жақтаушыларының алдау тәсілдері туралы толық ақпарат беріліп, одан сақтану жолдары да нақтыланып айтылды. Келесі кезекте маман М. Салиходжаев мектеп оқушыларымен ашық диалог түрінде сұхбат жүргізді. Жат ағым өкілдері сізбен байланыс құрғысы келсе қандай шара қолданасыз? - деген сауал жолдап, оқушылардың пікірлерін тыңдады. Тыңдалған жауаптардан байқалғанындай, осы уақытқа дейін жүргізілген түсіндірме жұмыстарының оң нәтижесі айқын білініп тұрды. Өз кезегінде мектеп ұстаздары мен оқушылары да осындай игі іс – шараны өткізген маманға ризашылықтарын білдіріп, кез келген жат ағымға «ЖОҚ» деп жауап беретіндіктерін жеткізді.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 13 человек, люди улыбаются, люди сидят и в помещении

0 пікір