Деструктивті діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтандыру
Деструктивті діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтандыру
16.09.2019
327
0

Бүгін Жетісай ауданында орналасқан «№16 жалпы орта мектебінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық мамандары М. Салиходжаев және Б. Шаймерден мектеп оқушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың іс – әрекеттерінен сақтандыру» тақырыбында кең, ауқымды түсіндірме жұмысын жүргізді. Маман Б. Шаймерден мектеп ұстаздары мен оқушыларына деструктивті діни ағым өкілдерінің өздерінің қатарын көбейту үшін қандай құйтырқылықтарға баратындарын ескертіп, олардан сақтанудың тиімді тәсілдерін толықтай жеткізді. Ал, маман М. Салиходжаев ұлттық дәстүрлер – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгінін байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз екенін айта келе, жат ағым жақтастарына қарсы тұру үшін ұлттық дәстүрлеріміз бен отбасылық құндылықтарды әрдайым қастерлеп, еш уақытта жадынан шығармауы керектігін тілге тиек етті. Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

0 пікір