Деструктивті діни ағымдардың алдын алу
Деструктивті діни ағымдардың алдын алу
18.09.2019
333
0

Бүгін Жетісай ауданы, Жетісай аудандық орталық кітапханасы қызметкерлерімен облыстық қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Мақтаарал аудандық бөлімі маманы М. Салиходжаев «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізді. Кездесуге қатысушыларға маман М. Салиходжаев деструктивті ағымдар туралы кеңінен ақпарат беріп, олардан сақтанудың тәсілдері туралы да мағлұмат берді. М. Салиходжаев:

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәселеге айналды. Әрине, заманауи әлемнің қатеріне айналып отырған осынау зұлматтан біздің еліміз де сырт қала алмасы анық. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді. Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы қоғамдық өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегіндегі туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, азаматтық қоғам институттарының қатысуы ерекше маңызға ие. Өйткені, діни сипаттағы проблемалар қоғамның өмір сүруіне қатысы бар проблемалар ретінде қоғамдық және ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен тікелей байланыста көрініс табады. Дін туралы білімге ие, сауатты кез-келген адам өзінің рухани бағдарын дұрыс таңдайды, өзгенің дін ұстану, ұлттық, тілдік ерекшелігіне сыйластықпен қарап, құрмет көрсетеді. Яғни, Қазақстанда қалыптасқан дінаралық келісім татулықты сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосар болса, өз кезегінде еркін әрі қызығушылықпен жинақталған білім мен тәжірибе өмір соқпақтарында сүрінбеудің кепілі.

 

0 пікір