ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА
ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА
09.12.2019
810
0
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түлкібас аудандық терроризмге күрес комисиясының және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.
 
Көшпелі керуеннің мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар, мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
 
Керуен құрамында Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы​ халық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Айнур Қыдырбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің Оңалту жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мұрат Мұстафаев, Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Бауыржан Ботақараев келді. Жиынға аудан активтері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,ауылдық округ әкімдері, имамдары мен мектеп директорлары, колледж студенттері қатысты.
 
Кездесуде көптеген маңызды ақпараттар берілді. Діни ағымдардың нені көздейтіндері егжей-тегжейлі айтылып, барынша түсіндірілді.
 
«Дәстүрлі құндылықтар керуенін» шараға қатысқан аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салды.
 
 
На изображении может находиться: 12 человек, в том числе Ербол Сарыбеков и Береке Сейітжаппар, люди сидят
 
На изображении может находиться: 1 человек
 
На изображении может находиться: Мурат Мустафа
 
На изображении может находиться: Бақытжан Әбдіраш
 
На изображении может находиться: 1 человек, стоит и костюм
 
На изображении может находиться: один или несколько человек
 
 На изображении может находиться: один или несколько человек, гостиная, стол и в помещении
 
На изображении может находиться: 10 человек, люди улыбаются, люди сидят и в помещении
 
0 пікір