ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА
ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА
10.12.2019
753
0


Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Отырар ауданы әкімі жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.
Көшпелі керуеннің мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар, мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
Керуен құрамында Түркістан облысы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Халық шығармашылық орталығының» бөлім басшысы Айнұр Қыдырбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің Әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Абзал Бектұрғанов, бөлім маманы Бауыржан Ботақараев келді. Жиынға аудан активтері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдық округ әкімдері, имамдары, ұстаздар мен колледж студенттері қатысты.
Кездесуде көптеген маңызды ақпараттар берілді. Діни ағымдардың нені көздейтіндері егжей-тегжейлі айтылып, барынша түсіндірілді.
«Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты шараға қатысқан аудан тұрғындары да өз ойларын ортаға салды.

На изображении может находиться: один или несколько человек

 

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: 11 человек, в том числе Төлеби Ауданы Әкімдігі, Созақ Ішкі Саясат Бөлімі и Bolat Zhanabil, в помещении

На изображении может находиться: 2 человека

0 пікір