ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА
ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА
12.12.2019
763
0

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Қоғамдық даму басқармасы және Кентау қаласы әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.

Көшпелі керуеннің мақсаты – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, сонымен қатар мемлекет пен дін ара қатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болатын.

Керуен құрамында Түркістан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Мұстафа Ерлан Сайыпназарұлы, Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Халық шығармашылығы орталығының» бөлім басшысы Айнұр Қыдырбаева, Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының « Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекеме басшысының міндетін атқарушы Халықов Медет Мұзапбарұлы қатысты. Жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Алимбетов Бекайдар Аллиярұлы, қалалық маслихат хатшысы Балабиев Талғат Рахымұлы, Ардагерлер кеңесі төрағалары мен имамдар, ұстаздар мен жастар қатысты.

Еркін форматта, әңгіме-сұқбат түрінде өткен келелі жиынды Кентау қаласы әкімінің орынбасары Алимбетов Бекайдар Аллиярұлы ашып, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сүлейменов Төрехан Жақашұлы жүргізіп отырды.

Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы басшысының міндетін атқарушы Халықов Медет Мұзапбарұлы құндылықтар жүйесінде әрбір ұлттың салт-дәстүрінің, мәдениетінің маңызды рөл атқаратынын айтты. Замана сынынан сүрінбей өткен, ерте заманнан арқауы үзілмеген, асыл дінімізге қайшы келмейтін қастерлі дәстүрлерімізді әрдайым құрметтеуге, ұлттық-рухани тамырымыздан ажырамауға шақырды.


Келесі сөз алған облыстық Халық Шығармашылығы Орталығының бөлім басшысы Айнұр Қыдырбаева дәстүр сабақтастығының, ұлтымыздың әдет ғұрыптарының, төлтума мәдениетіміздің отбасы институтындағы және қоғамның дамуындағы маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сөзінің тұздығы ретінде бүгінде ұмыт болып бара жатқан дәстүріміз «Қамшы ілу» турасында арнайы бейнероликті ел назарына ұсынды.

Келелі жиынды қорытындылаған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сүлейменов Төрехан Жақашұлы «Дәстүрлі құндылықтар керуені» аясында қаламызға келген азаматтарға қала тұрғындарына мол ақпараттар беріп, ой қозғар мағыналы әңгімелерін ортаға салғаны үшін алғыс білдірді.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Мұсаев Құнанбай Әбибулаұлы, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Medet Khalykov, люди стоят, костюм и в помещении

На изображении может находиться: 9 человек, люди улыбаются, люди сидят

0 пікір