Дәстүрлі құндылықтар керуені
Дәстүрлі құндылықтар керуені
05.12.2019
389
0

5 желтоқсан күні облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында халық арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыс әкімі аппараты және Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара аудандық мәдениет үйінде «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі іс-шара өткізілді.

Көшпелі керуеннің басты мақсаты аудан тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша облыс тұрғындарын ақпараттандыру.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ашып, жүргізіп отырды. Көшпелі керуен құрамында келген Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының міндетін атқарушы Халықов Медет Мұзаппарұлы мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Халық шығармашылығы орталығының» бөлім басшысы Қыдырбаева Айнұр Мамырқызы ұлтымыздың дәстүрлі құныдылықтары, салт-дәстүрлеріміз бен бүгінгі таңдағы дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ кездесуде аудан имамы А.Данияров пен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесовтер сөз алып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы жөнінде айта келе, жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне ермей, білімді де, білікті өз елінің нағыз патриоты болатынына сенім білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев бүгінде дін мәселесі өзекті тақырыпқа айналып отырғанын, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі дініміз ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырғанын, сондықтан да біздің әрқайсымыз еліміздің жарқын болашағы жолында, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керектігін атап өтті. Сондықтан да бүгін көпшіліктің көңіліне қонатындай салиқалы ой айтып Керуен құрамында арнайы келіп отырған азаматтарға аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.

На изображении может находиться: Medet Khalykov, стоит

На изображении может находиться: 7 человек, толпа

На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят

На изображении может находиться: Раушан Амантегі, стоит

На изображении может находиться: Асылхан Касым, борода

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди стоят

 

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар