Дәстүрлі діндер
Дәстүрлі діндер
14.02.2020
693
0

Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебінің  жоғарғы сынып оқушыларына «Дәстүрлі діндер» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж. Битанов қатысты.

    Дінтанушы – теолог маман  Жалпы діндер - дәстүрлі дәстүрлі емес болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі діндер деп – бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан діни әдет – ғұрыптарды, қоғамдық қатынас нормаларымен отбасылық қарым – қатынастарды. Белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүруімен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, оған қарсы келмей ұрпақтан – ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылысты айтамыз. Ал дәстүрлі емес дін деп – қоғамда тарихи – мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт – дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағымдар.Біз өмір сүріп жатқан қоғамда діни ағымдарды кездестіреміз. Бұған қарсы тұруымыз үшін  дәстүрлі дін, салт – дәстүр,тарихи деректер жайында нақты түсінік қалыптастырып,жүйелі білім алу. Діни сұрақтар туындаған жағдайда арнайы дінтанушы- теолог, мамандардан немесе жергілікті ҚМДБ қарасты мешіт имамдарынан кеңес алуға шақырамын. Кездесу сонына қарай оқушылар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді.

На изображении может находиться: один или несколько человек и в помещении

На изображении может находиться: 15 человек, в том числе Ордабасы Аудандық Орталық Кітапхана, люди сидят, стол и в помещении

 

0 пікір