Басқарма басшысы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Қоғам игілігі жолындағы елеулі еңбегі үшін Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Марапатты Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров табыстады.
Бұл жоғары марапат – көп жылғы табанды еңбектің, кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Осындай зор сенім алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге жігер береді деп сенеміз.
Еңбегіңіз жана берсін, ел алдындағы қызметіңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройыңыз арта берсін!
Құрметпен: Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ


+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru