БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
02.10.2025
509
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.

Бас мүфти жұмыс сапарын түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады. Зиярат рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов арнайы қатысты.

Зиярат барысында ҚМДБ Төрағасы қасиетті Құран аяттарын бағыштап:
«Алла Тағала киелі мекен – Түркістанда жерленген ел билеген хан-сұлтандарымызды, абыз-әулиелерімізді рақымына бөлегей. Жаратушы Жаббар Иеміз Қожа Ахмет Ясауи бабамызды мейіріміне алғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай»,- деп дұға етті.

Возможно, это изображение 4 человека

Возможно, это изображение 3 человека и помост

Возможно, это изображение 9 человек, помост и текст

Возможно, это изображение 5 человек, помост и текст

 

0 пікір