Аудандық білім бөлімімен бірлесе Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Төлеби ауданына қарасты, Аққұм ауылдық округі Момынай ЖББМ-нің жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің маманы дінтанушы Қ.Мырзабай, Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев, аудандық білім бөлімінің маманы М.Аяшова және Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Ж.Еркінбек қатысты.
Кездесу барысында аудан көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі» және «Этносаралық қарым қатынас, есірткі мен нашақорлық, құмар ойын, мектептегі әлімжеттік, құқықбұзушылық» атты тақырыптарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, іс-шара соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.


