Арақ сатылмайтын ауылда ажырасу мүлдем тыйылды
Арақ сатылмайтын ауылда ажырасу мүлдем тыйылды
28.09.2022
856
0

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жыл басынан бері бір де бір қылмыс тіркелмеген, соңғы 5 жылда ажырасу мүлдем орын алмаған ауыл бар.Бұл Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан – Алмалы ауылы.

Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы – ауылдың берекесін кіргізіп отыр. Тиісінше осы уақыт аралығында мұнда ажырасу жайттары болмаған. Бір де бір қылмыстық құқық бұзушылық, яғни ұрлық жайттары орын алмаған.Ең бастысы мыңнан астам шаңырақтың тұрғындары тыныш ұйықтауда.

Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ильяс Жабаев, Мұхит Джумабеков, Сапархан Каипов атты учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.


 Kazislam.kz порталына сілтеме : Арақ сатылмайтын ауылда ажырасу мүлдем тыйылды 

0 пікір