Түркістан облысының діни картасы
Түркістан облысының діни картасы

«БЕКІТЕМІН»

Түркістан облысының дін

істері басқармасының басшысы

________________Р.Сабыржанұлы

«___»______________  2025 жыл

 

Түркістан облысының діни картасы

 

Қазақстан Республикасында қоғам негізінен екі дәстүрлі дінге тарихи және мәдени тұрғыда бағдарланған: сүнниттік Ислам (Ханафи мазхабы) және православиелік Христиан діні.

Халықтың ұлттық құрамы мен діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.

Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде Исламның сүнниттік бағытын ұстанушы азаматтардың сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, тәжік, башқұрт, қырғыз, шешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның шииттік бағытын ұстанады.

Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Кәрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағын ұстанады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.

Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді.

Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды.

 Бүгінде республикамыз өзін әлемге көп ұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет ретінде танытуда. Қазіргі ахуалға көз салар болсақ, 2025 жылғы 2-тоқсанында ресми тіркелген 18 конфессия атынан өкілдік ететін 4007 діни бірлестік бар. Олардың филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін бар қажетті жағдай жасалған.  Олардың: ислам-2864, православие-349, католик шіркеуі-102, елуіншілер-222, баптистер-192, пресвитериандар-100, ехоба куәгерлері-56, жетінші күн адвентистері - 41, жаңа апостолшылдар-23, лютерандар-14,  кришнаиттар-13, методистер-9, иудаизм-7, бахаилар-6, меннониттер-4, мормондар-2, буддаизм-2, муниттер-1.

  Елдегі дін ұстанушыларының 70 пайызы мұсылман сенімінде болуына байланысты 2864 мешіт «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» атты республикалық діни бірлестіктің меншігіне кіреді.

Түркістан облысында 744 ғибадат ететін мешіттері бар. Түркістан облысында ресми тіркелген исламдық емес 35 діни бірлестік пен филиалдар бар. Олар: протестанттық бағыттағы елуіншілердің-8, баптистердің-8, пресвитериандардың-4, Егова кәугерлерінің-3 діни бірлестігі, жұмыс жасайды. Сонымен қатар облыста ресми тіркелген 1 миссионер бар.

Қазақстандағы дін ұстанушыларының саны жағынан екінші орында Қазақстанның Православиелік шіркеуі (ҚПШ), олардың жалпы саны Қазақстан бойынша 349 болса, оның ішінде Түркістан облысында 12 діни бірлестіктері бар.  Қазақстанның конфессиялық кеңістігінде протестанттық діни бірлестік ауқымды орын алып отыр, қазіргі уақытта оның 700-ден астам шіркеулері мен діни ғибадатханалары бар. Түркістан облысында ресми тіркелген протестанттық бағыттағы елуіншілердің-6, баптистердің-7, пресвитериандардың-4, Егова кәугерлерінің-3 діни бірлестігі, жұмыс жасайды. Сонымен қатар облыста ресми тіркелген 1 миссионер бар.  

Ислам Түркістан халқының тарихында, өмірінде ерекше маңызы бар, өнегелік ағарту мен тәрбиенің факторына айналған дін. ҚМДБ Қазақстандағы Ислам дінін қайта жаңғыртуды жүзеге асырудың маңызды тетіктерінің бірі болып отыр. Отандық мұсылман қоғамының дамуын қамтамасыз ете отырып, біздің қоғамның рухани негізін қалпына келтіруге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысып, жұмыс атқарғанын атап өтуге болады. Мүфтият дінаралық диалог мәселесі бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар  өткізіп, үлкен ағартушылық және тәрбиелік қызмет жүргізуде, газеттер мен журналдар шығаруда, интернетте діни басқарманың www.muftyat.kz веб-сайты жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың мамырында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің ашылуында сөйлеген сөзінде: «Ислам – бұл адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары. Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті қатерлі де. Үлкен де көп бейнелі әлемнің осынау бөлігінде болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарау қажет. Қазақстан – мұсылман тұрғындары басымдыққа ие ел. Ислам діні – біздің халқымыздың рухани тіректерінің бірі.

«Біз олардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қарамастан барлық қазақстандықтардың жалпыұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырдық», – деп атап өтті.

Қазақстандағы дін ұстанушыларының саны жағынан екінші орында Қазақстанның Православиелік шіркеуі (ҚПШ), олардың жалпы саны Қазақстан бойынша 349 болса, оның ішінде Түркістан облысында 12 діни бірлестіктері бар.

Қазақстандағы православие дін ұстанушыларының саны жағынан Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады.

Еліміздегі православие дінінің пайда болу тарихы бастапқы кезде Қазақстанның Патшалық Ресейге қосылуы негізінде пайда болған әскери қоныстармен байланысты. Оңтүстікте алғашқы әскери тұрақтар (шағын шіркеу, ғибадатханалар) 1866 жылы Түркістан және Шымкент қалаларында пайда болды. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды.

1917 жылы Кеңес үкіметінің құрылуы 70 жылға жалғасқан ауқымды атеистік шаралардың басталуына алып келді. Бұл шаралар ғибадатханаларды қирату, дін басыларды қуғындау, шіркеулердің мүліктерін тәркілеумен қатар жүрді. 1920-1930 жылдар аралығында көптеген діни қызметкерлер ату жазасына тартылды немесе ұзақ мерзімге тұтқынға алынды.

ХХ ғасырдың 30-ы жылдары Қазақстан Орыс православие шіркеуінің діни қызметкерлері мен дін ұстанушыларының қоныс аудару орны болды. Бұл кезең ұжымдастыру үдерісінің бастауымен тұспа-тұс келді. Нәтижесінде қазақтардың көшпенді тұрмысы жойылды, қазақ ауылдары мен жер аударып келген орыстардың шаруа қожалықтары кедейленді. Мұның салдары миллиондаған адамдар құрбан болған тарихта болмаған жұтқа айналды.

Қазақстанның тәуелсіздігімен бірге православиелік христиандар өздерінің рухани-мәдени құндылықтарын қайта жаңғырта бастады.

Соңғы жылдары Республикада Православиенің құрылымдық реформасы жүргізілді. 2010 жылдан бастап Қазақстан және Астана Митрополиті Александр Могилев болып табылады.

Мәдениеттер мен дәстүрлердің және көптеген көзқарастардың әралуандылығына қарамастан, Қазақстан діни негізде қақтығыстар орын алмаған мемлекет болып қала береді.

Қазіргі уақытта елімізде 15 діни оқу орны қызмет атқарады. Олардың ішінде христиандық бағытта – 2, исламдық бағытта – 13. Нұр-Мүбарак университеті, 5 медресе-колледж, оның ішінде Түркістан облысында орналасқан Сарыағаш медресе-колледжі облыстағы исламдық діни білім беру орны болып отыр. Одан бөлек медресе деңгейінде 4 діни оқу орны елімізде өз қызметін жалғастыруда. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі Ислам институты қызмет атқаруда.

Христиан бағытындағы Алматыдағы православие рухани семинариясы мен Қарағандыдағы «Мария-Матерь шіркеуі» епархияаралық жоғары рухани семинариясы еліміздегі діни оқу орындары қатарынан саналады. 

Егемендік алған жылдармен қазіргі уақытты салыстырғанда қоғамдағы діни ахуал тұрақтанып келеді. Дегенмен Кеңес үкіметінің атеистік ықпалының себебінен Қазақстандағы көптеген азаматтардың дінге деген ой-санасы тұрақтанбаған.

Бұл мәселе халықтың діни танымдық деңгейін көтеру мен теологиялық тұрғыдан хабардар болуына қатысты біршама іс-шаралар жасау қажеттігін көрсетеді.

Діни ахуалды тұрақты етіп қалыптастырудағы маңызды факторлардың бірі ретінде тұрғындардың, соның ішінде жастардың дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерге деген қызығушылығының күн санап артып келе жатқандығынан көреміз.

Жастардың дәстүрлі діндерге деген қызығушылығына бірінші отбасылық тәрбиесі әсер етсе (өз халқының салт-дәстүріне деген құрметі), екінші жағдайда ұйымдардың өз ілімдерін жастарға арналған арнайы әдістерді (шетел тілдерін үйретудің тегін курстары, түрлі салаларға қызығушылығын арттыру клубтары т.б.) қарқынды түрде қолдануы болып табылады.  

Ислам дінін қабылдағанына он үш ғасырға жуық уақыт ішінде қазақ халқы осы діннің аясында ұлт болып қалыптасты. Әр буынның орта жасы отыз жыл деп есептесек, ата-бабамыздың мұсылмандықты қабылдағанынан бері қырық ұрпақ ауысыпты.

Алайда отау ішінен отау тіккен кереғар діни ағымдардың әрекеті ислам дінін қазаққа тәуелсіздік алғаннан бастап келгендей әсер қалдырады.

Бұның бәрі әрине, жат ағымның ықпалы. Кезінде дінге қызығушылық танытқан жастарымыз шетел асып, діни білімді араб елдерінен алып, елге оралған соң қарапайым халықтың атадан балаға мирас болып келген ұлттық құндылықтарын жоққа шығаруға тырысты.

Өздерінің соқыр сенімдерінің соңынан қаншама қандастарымызды тура жолдан адастырды. Рухани және діни тұрғыда шөліркіген қаншама жастардың сеніміне селкеу түсіріп, қаншасын темір тордың құрбаны етті.

 «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясымен елге оралған әйелдерге бейбіт өмір жағдайларына тезірек бейімделуге көмектесу үшін олар үшін оқыту курстары ұйымдастырылады, жұмысқа орналастыруға көмек және басқа да әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Қазіргі таңда облыс көлеміндегі барлық білім беру мекемелерінде Конституция негізінде жасалған ҚР «Білім туралы заңында» белгіленген білім берудегі зайырлылық қағидаттарын басшылыққа, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын негізге ала отырып мектеп қабырғасында діни атрибутикаларды пайдалануды тоқтатып, бұл мәселеде бір ізділік жолға қойылды. Мұның бәрі әрине, ата-аналармен дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде деп айтуға болады.

Жалпы облыс тұрғындары арасында жүргізген зерттеу жұмыстары барысында діни ахуал зерделенді. Түркістан облысындағы діни жағдай тұрақты деп айта аламыз.

 

 

 

Жүктеп алу
31.07.2025
8
0