
Жүктеп алу«БЕКІТЕМІН»
Түркістан облысының дін
істері басқармасының басшысы
________________Р.Сабыржанұлы
«___»______________ 2025 жыл
Түркістан облысы бойынша дін саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік орган
ХХІ ғасыр кеңістігінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіріп отыру заман талабы екені белгілі. Осы орайда, елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қызметтерді электронды түрге ауыстыру – мемлекеттік органдардың тұтынушыға бағдарланып жұмыс жасауы мен ашықтығын қамтамасыз етудегі оң қадам деп бағалауға болады.
2013 жылы 15 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығымен діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа қағидалары бекітілді. Аталған қағидаға сәйкес дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде де көрсетіле бастады. Ендігі кезде жеке және заңды тұлғалар дін саласына қатысты қызметтерді «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы да алуына мүмкіндік бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтер көрсетудің басты қағидаттары қатарына жатады. Түркістан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы облыс аумағындағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 5-бабы: «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дiни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша құзыретi»:
1. Аймақтағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
2. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
4) Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың қызметін бекіту, сонымен қатар, стационарлық мекемелерден тыс діни рәсімдерді өткізу орындарын келіседі;
5. Уәкілетті органдармен келісе отырып, культтік ғимараттардың (ғимарат) құрылысын, олардың орналасу жері мен культтік ғимараттарды (ғимарат) қайта өңдеу (қызметтік мақсатын өзгерту) бойынша шешім қабылдайды;
6. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жергілікті атқарушы ұйымның басқаруындағы жергілікті мемлекеттік басқару шеңберіндегі өзге де құзіреттілікті жүзеге асырады;
7. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың жауапты тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарға тапсырыс береді және алады;
8. Діни бірлестіктердің құрылуы мен қызмет жасауы шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді;
9. Өз құзыреті шеңберінде мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік шеңберінде өзара қарым-қатынас жасайды;
10. Өз құдіретіне аясында семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» және өзге де мәселелер бойынша жиын өткізеді;
11. Өз қызметтік бағыты бойынша консультативтік-кеңес ұйымын (жұмыс тобы, комиссиялар, кеңестер) құрады;
12. Қазақстан Республикасының заңнамаларық көрсетілген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Жинақтап, әрі жатық тілмен айтқанда басқарма «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 бұйрығына сәйкес 3 мемлекеттік қызметті көрсетеді. Олар:
1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу». 2011 жылы 11 қазанда қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында атап көрсетілгендей, миссионерлік қызмет дегеніміз – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі. Аталған заңның 8 бабына сәйкес, миссионер ретінде қызмет етуге ниетті тұлға мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн ғана өз қызметін жүзеге асыра алады.
2) «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру». Облыс аумағындағы діни бірлестіктер ғибадат үйлерінен тыс жерлерде (яғни мешіттен, шіркеуден тыс аумақта) құлшылық үйін (намазхана) ашуға ниетті болған жағдайда дін істері басқармасынан келісім алуға тиіс.
3) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсатттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру». ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі. Осыған байланысты бұл қызметті алушылар тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы дін істері басқармасының шешімін алуы қажет.
Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) облыс әкімдігінің дін істері басқармасы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Заң талаптарын сақтап жұмыс жасау ашықтықты, өзара сенімді әріптестікті қамтамасыз ететіні анық. Ал дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік талаптарды сақтамай, заңсыз жұмыс жүргізген жеке және заңды тұлғалар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 490-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Облыс тұрғындары дін саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттарды www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-din?lang=kk сайтынан немесе облыс әкімдігінің дін істері басқармасынан 8 (725 33) 5-90-93 толыққанды білуіне мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда Түркістан облысының дін істері басқармасының қарамағында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(өңірлік деңгейде дін мәселелерін зерттеу, талдау орталығы)Орталық Түркістан облысы (бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан облысы) әкімінің 2011 жылғы 4 қазандағы №229 қаулысымен құрылған. Орталық республика көлемінде дін саласындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша тұңғыш құрылған мекеме болып табылады.
Құрылудағы басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру.
Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне талдау жүргізу, әсіресе жоғарыда айтылып өткен діни ахуалының күрделілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету.
Орталық Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтік мәселелерге, діни-рухани тәрбие, тағылым талдауларын жасау және осыларды саралап-сараптап, зерделеп, зерттеу және оларды мемлекеттік идеологияның іске асырылуы барысында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысады, өз құзыретіндегі мүмкіндік аясында өлкедегі зиялы қауым, ілім, ғылым, мәдениет орталықтарында, сондай-ақ, қоғамдық орындарда, жастар арасында, жергілікті аумақтарда, республика заңдарына сәйкес, үкімет пен өкілетті орган өкімдіктеріне сай және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, өлкедегі бірлік пен ынтымақты қалыптастыруда, салауатты өмір салтының тұрақтылығын қамтамасыз етуге де байланысты жұмыстар атқарады, сондай-ақ, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында, дәстүрлі ұлттық таным, рухани тәрбие, діни негіздегі әдет-ғұрып, салт-сана ара-байланыстарына қатысты кейбір кездейсоқ теріс ұғымдар, көзқарас, түсінік мәселелерінде дұрыс шешім табуға көмектесіп, ұлттық әдепке шетін экстремизм мен терроризмнің белгілерінің алдын алу, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу шараларын атқарады, өлке азаматтарының тұлғалық қалыптасуында дәстүрлі ұлттық тәрбиенің, отаншылдық рухтың, азаматтық ұстанымдардың негіздерін қалайтын, жастардың заманауи болмысы мен ғылыми техникалық өркениет үдерісіндегі орнының биік болуына әлеуметтік-рухани демеу бағытында жұмыс жасайтын көмекші қызметтер көрсетеді.
Орталықтың негізгі міндеттері
• Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу;
• Қала, аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу;
• Түрлі бағыттағы діни құрылымдардың жай-күйіне, олардың қызметтері мен табыну орындарына және келетін жамағаттардың құрамына сараптама жүргізу;
• Деструктивті діни ұйымдардан зардап шекендерді анықтау, оларға психологиялық, заңгерлік көмектер көрсету;
• Өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыстар атқару, жалпы қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалға талдау, сараптама жасау;
• Облыс көлемінде қызмет етіп жатқан медреселер мен басқа да діни оқу орындарының жұмыстарына сараптама жүргізу;
• Діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдардың, секталардың іс-әрекеттерінің алдын алуға арналған ақпараттық және әдістемелік материалдар (лекциялар, фильмдер, бейнероликтер, буклеттер, брошюралар, кітапшалар, парақшалар) шығарып тарату;
• Облыс тұрғындары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындары жастары арасында дін мәселелеріне қатысты сауалнамалар жүргізу арқылы социологиялық зерттеулер жүргізу;
• Деструктивті, соның ішінде ислам атын жамылған діни ағымдардың, секталардың қызметіне мониторинг жүргізу;
• Облыс көлемінде жұмыссыз жүрген жастарға сараптама жасау, діни ағымдарға, шетелде оқуға бейімділігін анықтау;
• Облыс, қала, аудандар бойынша жасалған діни ахуал картасына зертеулер нәтижесіне сәйкес өзгерістер енгізе отырып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.
Орталықта төрт бөлім жұмыс жасайды:
1. «Ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімі
2.«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі
3. «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі
4. «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімі
Жоғарыдағы аталған бөлімдерге қатысты немесе дін саласындағы түрлі тақырыптар аясында Сізді және жақындарыңызды мазалаған мәселелер бойынша Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі 109 бірыңғай байланыс орталығы әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық мәселелер бойынша тәулік бойы өтініштер сенім телефонына хабарласуыңызға болады. Жұмыс күндері сағат 9.00-19.00 аралығында біздің мамандар Сіздермен жұмыс жасауға дайын. Сонымен қатар барлық әлеуметтік желілерде:
- https://www.facebook.com/Centretur.kz;
- https://www.instagram.com/centretur.kz/;
- t.me/dmzokz;
- whatsapp мессенжері (+77087121649, +77076712514) арқылы да біздің орталықпен байланысу мүмкіндігіңіз бар!
Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала Достық үйі.