Қазақстан Республикасында тыйым салынған ағымдар
Қазақстан Республикасында тыйым салынған ағымдар

 

«БЕКІТЕМІН»

Түркістан облысының дін

істері басқармасының басшысы

________________Р.Сабыржанұлы

«___»______________  2025 жыл

Қазақстан Республикасында тыйым салынған ағымдар

 

Сот шешімімен еліміздің аумағында тыйым салынған террористік, лаңкестік және оккульттік-мистикалық ұйымдар тізімі

 

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида»

2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»

3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»

4. «Күрд Халық конгресі»

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар»

6. «Братья Мусульмане»

7. «Боз гурд»

8. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»

9. «Лашкар-е-Тайба»

10. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» 

III. Нұр-Сұлтан (Астана) қалалық сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

11. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымы

IV. Нұр-Сұлтан (Астана) қалалық сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

12. «АУМ Синрикё»

13. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Нұр-Сұлтан (Астана) қалалық сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

14. «Түркістан Ислам партиясы»

VI. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне сәйкес:

15. «Алля-Аят».

VIІ. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешіміне сәйкес:

16. «Ата жолы».

VІІI.Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешіміне сәйкес:

17. «Джунд-аль-Халифат»

ІХ. Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2012 жылы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

18.«Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдақ бірлестігі

Х. Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

19. «Таблиғи джамағат»

XІ. Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

20.  «Ат-такфир уәл-хиджра»

ХІІ. Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазан айында қабылданған шешіміне сәйкес:

21. «Ислам мемлекеті» (ДАИШ)

22. «Ан-Нусра фронты»

ХІІІ. Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы Есіл ауданы сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес:

23. «Йакын Инкар» экстремистік ұйым болып табылды.

 

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ҰЙЫМДАРҒА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

 

«Аль-Каида» – бұл уаххабистік бағыттағы ультрарадикалды ірі халықаралық  ұйымдардың бірі.

Аль-Каида, сонымен қатар «Каеда», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

Ұйым 1988 жылы мұсылман елдерінде зайырлы ұстанымды құлату және «Ұлы ислам халифатын» құру мақсатында құрылған. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде орын алған әлемді дүр сілкіндірген үлкен террорлық әрекеттер – осы ұйымның бүлігі. Бұл теракт салдарынан 2606 адам қаза тапса, 24 адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында саналады.

«Аль-Каиданың» басты мақсаты – бүкіл әлемде, яғни мұсылман және мұсылман емес мемлекеттер аумағын қамтитын утопиялық мемлекет құрылымы арқылы исламдық тәртіп орнату.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі «Аль-Каида» ұйымын халықаралық санкция қолдануға болатын  террорлық ұйым тізіміне жатқызды.

АҚШ-та, сондай-ақ, бірнеше батысеуропалық елдерде, Ресейде және Өзбекстанда тыйым салынған.

«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс», сонымен қатар «Түркістан ислам партиясы» және «Аллах партиясы» деп те аталады, 90- жылдарда сепаристік қозғалыстың көсемі Айсан Махсум (шын есімі Хасан Джундулла) құрған діни-саяси террорлық ұйым.

Мақсаты – Қытай Халық Республикасының  автономды ауданы Синьцзян-Ұйғыр аймағында «Шығыс Түркістан» атты  мемлекет құру. Алға қойған мақсаттарын іске асыру идеясын қарулы джихад арқылы дінге сенбеушілерге қарсы террорлық актілерге негіздеген.

«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» (әрі қарай - ШТИҚ), «Талибан» және «Аль-Каида» қозғалыстарымен тығыз қарым- катынаста.

1999 жылдан Ауғанстан аумағында орналасып, ауғандық және араб муджаһидтерінен қолдау тауып отырған. Оның үсгіне ШТИҚ  А.Ш. Масуд басқарған «Солтүстік альянс» күштеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысты.

2001 жылы АҚШ-тың және оның одақтастарының Ауғанстандағы террорға қарсы операциясын жүргізу кезінде ШТИҚ содырлары талибтар мен «Аль-Каиданың» жақтастары ретінде соғысты.

2003 жылдың күзінде Ауғанстанда Халықаралық коалицияның күшімен «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалысының» көзі жойылды. Осыдан кейін ұйымның көптеген мүшелері шетелге қашып кетті, қалғандары жаңа террорлық құрылым «Түркістанның ислам партиясын» құрып, «Аль-Каидамен» бірге іс-қимыл жасады.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» (әрі қарай - ӨИҚ), «Өзбекстанды азат етуші исламдық козғалыс» және «Исламдық өрлеу партиясы» деген атаумен де аты шыққан. 1992 жылы Т.Юлдашев ұйымды экстремистік және діни радикалды әрекетке бейім адамдарды қатарына тарту арқылы құрды. Ұйым мүшелерінің көбісі 90-жылдардың басында Өзбекстанның Наманған облысында (Ферғана алқабы) билікті күшпен басып алуға қатысқан және сол елдің құқық қорғау органдарынан қашып жүрген содырлардан құралған.

ӨИҚ негізгі мақсаты – Өзбекстан Республикасындағы конституциялық билікті құлатып, орнына ислам мемлекетін құру.

1997 жылы «Талибан» ауған қозғалысы және «Аль-Каида» тарапынан қолдау тапқаннан кейін, ӨИҚ қарулы содырлары Ауғанстанның солтүстік аймақтарында шоғырланды. Аталған халықаралық қозғалыс құрылымдарының көсемдері У.б. Ладен және молла М. Омардың ықпалымен ӨИҚ Өзбекстан үкіметіне қарсы жихад жариялап, Орталық Азия елдерінде радикалды ұйымдардың басын қосып өз қарамағына енгізу жоспарын кұрды.

ӨИҚ «Аль-Каида» және «Талибан» қозғалыстарының тікелей қарамағында болғандықтан, оның содырлары Ауғанстанда әлі де АҚШ басқаратын халықаралық коалицияға қарсы соғыс қимылдарына қатысып жүр.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» бірыңғай халықаралык тізімде террорлық ұйым ретінде тіркелген. ӨИҚ қызметіне Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ елдерінде тыйым салынған.

«Күрд Халық Конгресі» (одан әрі КХК) 1978 жылы қарулы күрес жолымен Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз күрд мемлекетін құру мақсатында құрылған.

Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін лаңкестік акцияларды Түркияның ішінде және шет елдерде ұйымдастырып өткізу көзделді.

КХК көп жағдайда өзінің жауынгерлік әрекеттерін партизандық тактикада жүргізеді. Одан басқа қалалық лаңкестік тактикасын тиімді пайдаланады.

КХК лаңкестік актілерінің басым бөлігін Түркияның әскери қызметшілеріне, қауіпсіздік қызметінің және құкық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы дәрімен атылатын қаруды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы іске асырады. Соның салдарынан құрбан болғандардың арасында бейбіт халық та болды. Ұйым жауынгерлері шенеуніктер мен саясаткерлерге қарсы  шабуылдар да ұйымдастырды.

1994 жылдан КХК елдің туристік инфрақұрылымына, соның ішінде Жерорта теңізі жағалауының курорттарында, жолаушы поездарында, паромдарда және қоғамдық көліктерде теракт өткізуді ұйымдастырды.

1996 жылдан бері КХК террорист-жанкештілерінің қатысуымен терактілер орын алды.

Европалық одақтың және АҚШ-тың шешімімен КХК лаңкестік ұйым ретінде тізімге енді және Түркия Республикасында тыйым салынды.

«Асбат аль-Ансар» –штаб-пәтері «Айн-аль-Хыльва» (Сайда қ., Ливан) палестиналық лагерде орналасқан, 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б. Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің «дүрбелең аймақтарына» жіберуге жауынгерлер дайындалады.

АҚШ, Израиль, сондай-ақ Батыс Еуропа мемлекеттері мен Ресей «Асбат аль- Ансарды» негізгі дұшпандары ретінде жариялады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Асбат аль-Ансар» мерзімі ұзартылған террорлық ұйымдардың тізіміне қосылған. Бірқатар мемлекеттерде,соның ішінде Ресей, Өзбекстан және әрекет етуіне тыйым салынған.

«Мұсылман бауырлар» – трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйым. 1928 жылы Мысырда (Исмаилия қ.) Хасан әл - Баннаның басшылығымен құрылды.

50- жылдары Сейидәл-Кутб жүргізген өзгерістерден кейін ұйым радикалды сипатқа ие болды.

«Мұсылман бауырлар» ұйымының негізгі мақсаты – қоғамды мұсылмандандыру, мұсылман емес  өкіметтік құрылымдарды жойып, дүние жүзінде ислам діні негіздеріндегі халифаттық режимдегі мемлекет орнату.

Әрекеттеріндегі негізгі ұйымдастырушылықты сопылық ордендік қағидаттармен байланыстырады, саяси және жасырын әскери құрылымдар террористік әдістерді өз қызметіне пайдаланады.

«Мұсылман бауырлар» ұйымының құрылтайшылар комитетінде 20-дан аса адам басшылықта отыр.

Ресей Федерациясында, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымдардың қатарына жатқызылған.

 «Боз гурд» («Сұр қасқыр» ұйымы атауымен де белгілі) –әскериленген түркілік әсіреұлтшыл ұйым.

Негізгі идеялық тұжырымдамасы– Тұран ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін кұру.

Ұйым 1965-1970 жылдарда  полковник Альпарслан Тюркештің басшылығымен қалыптасты. 1968 жылы «Боз гурд» ұйымы басқа жартылай әскериленген екі түрік ұйымымен бірігіп альянс кұрды, кейіннен бұл альянстың негізінде Ұлттық қозғалыс партиясы құрылды.

Партияның бағдарламалық ережелері әсіре радикалды қағидаларға негізделді. 1974-1980 жылдары қоғам қайраткерлерін, саяси және кәсіподақ жетекшілерін, журналистерді өлтірумен және қоғамдық орындарда, қалалық көліктерде жарылыстар ұйымдастырумен айналысты.

«Боз гурд» ұйымының қызметіне Түркия мен Өзбекстанда тыйым салынған.

«Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», басқаша атауы «Исламдық жихад тобы» – халықаралық лаңкестік Аль-Каида ұйымына қосылған «Өзбекстандағы ислам қозғалысының» жауынгерлерінен кұрылған.

«Жамағаттың» мақсаты Өзбекстан аумағында лаңкестік акцияларды ұйымдастыру арқылы елдің конституциялық құрылымын күйретуге бағытталған. Сонымен қатар, бұл ұйым исламның «жауы» болып саналатын АҚШ, Израиль және олардың одақтастарымен күресу мақсатын алдына қойды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі  2006 жылдың  20 сәуірінде «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» ұйымын Қазақстанның бастамасымен елімізде тыйым салынған, БҰҰ-да жинақталған террористік ұйымдардың  тізіміне қосты. «Жамағаттың» қызметіне Ресей Федерациясында тыйым салынған.

 «Лашкар-е-Тайба» – Пәкістанның әскериленген лаңкестік топтастығы.

Усама бен Ладенмен тығыз байланыстағы «Марказ-е Дават-уль-Иршад» радикалды діни-саяси ұйымның қарулы қанаты болып табылады.

1980 жылы Лахор қаласында Ауған моджахедтеріне әскери көмек көрсету мақсатымен профессор Хафиз Мухаммад Саид құрды.

«Жихад-Ауғанстан» және «Жихад-Кашмир» ұйымдары көсемдерінің өтініші бойынша, «Лашкар-е-Тайба» екі әскери-саяси бағдарламаларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Солтүстік Кавказ аймақтарында, басқа мемлекеттердің қоршауындағы мұсылмандарға өздерінің ықпал ету аумағын кеңейтетіні туралы мәлімдеді

«Лашкар-е-Тайба» әр түрлі лаңкестік ұйымдарға қаржылай және басқа да көмек кәрсетеді.

«Лашкар-е-Тайба» Пәкістанда тыйым салынған, Ресей мен Өзбекстанда лаңкестік ұйым ретінде танылған.

«Әлеуметтік реформалар қоғамы» (әрі қарай – ӘРҚ) қайырымдылық мәртебесі бар үкіметтік емес ұйым, штаб-пәтері Эль-Кувейт (Кувейт) қаласында орналасқан. Әлеуметтік бағдарлама атын жамылып, «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының алдына қойған мақсатын іске асыруға көмектеседі және мұсылман емес үкіметті жойып, дүниежүзілік  деңгейде, ТМД елдерінде басқа мемлекеттердің қоршауындағы мұсылмандарға ислам басқармасы қағидаларының жолымен ислам халифатын орнатуды көздейді.

Әрекеттерін исламдық емес конфессияларға тағатсыздық танытып, лаңкестік актілерді және қарулы жихадты астыртын қаржыландыруға бағытталған діни насихат жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының шешімімен «Әлеуметтік реформалар қоғамы» тыйым салынған.

«Хизб-ут-Тахрир» («Хизб-ут-Тахрир әл-Ислам», «Исламның азаттық партиясы») – халықаралық экстремистік саяси-діни ұйым.

1953 жылы Сирияда шейх   Тақиитдин Набхонидің басшылығымен «Мұсылман бауырлар» халықаралық лаңкестік ұйымының палестиналық бөлімшесінде аталған ұйым құрылды.

Партияның бірінші кезектегі мақсаты сионизммен күрес және Палестинаны азат ету болды. Бұл ағымның мүшелері санының өсуіне байланысты оның басшылығы халықты жаппай исламдандырып, халықаралық деңгейде «халифат» түріндегі  мұсылман мемлекетін құру идеясын ойлады.

Аталған партияның идеясы әлемнің 40-тан астам мұсылман елдерінде таралғанмен, көптеген елдерде бұл партияның әрекетіне ресми түрде тыйым салынған.

«АУМ Синрикё» («Алеф») – 1984 жылы ақпан айында «АУМ Шинсен-но-кай» йога қоғамы түрінде құрылған Жапондық діни секта.

1989 жылы «АУМ Шинрикио Культ» діни корпорация ретінде Жапонияда ресми түрде тіркелген.

Тіпті кісі өлтіруге дейін баратын кереғар әлеуметтік идеяларды насихаттайтын идеологиялық базасы әсіре реакцияшыл кертартпа табынушылық болып табылады.

Жапонияда «АУМ Синрикё» мүшелерінің осы ұйымда бұрын болып шығып кеткендерді және оған кірмеуге үгіттегендерді өлтіргені туралы біршама деректер дәлелденген.Сондай-ақ, «АУМ Синрикёнің» адамдардың денсаулығына физикалық және психологиялық зақымдар келтіруінен қоғамға қауіптілігі байқалады.

Қатардағы секта мүшелерін ұстауға және бақылауға,сондай-ақ өздерінің қатарына жаңа жақтастарды тарту үшін ұйымның жасырын лабораторияларында заңсыз есірткілер (ЛСД, амфетамин және мескалин) өндіріп, мәдени салттар мен діни ғұрыптарды орындау барысында жиі қолданып отырған.

Мацумото қаласының Нагано префектурасындағы сектаның лабораториясында өндірілген «зарин заман» зиянды уландыратын затты қолданып, 1994 жылы шілде айында «АУМ Синрикёнің» бірінші террорлық актісі жасалды.

Бұдан басқа, осы террорлық кұрылымның басшылығы шетелден автоматты винтовкалардың контрабандылық жолмен келуін ұйымдастырып, олардың түпнұсқаларын үлгі ретінде қолданып, оқпен атылатын қаруды заңсыз жолмен көптеп өндіруді жоспарлады.

«АУМ Синрикё» идеологтары жаңа жақтаушыларды қатарларына тарту үшін «үгітпункттер» құрып, (йога-клубтар немесе «кездесуге арналған веб-сайттар»)  жалған әдістерді қолданды, сондай-ақ әрекеттерін жалғастыруға қажетті қаржы қорын жасау үшін жиналып отырды.

Жапондық құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, елде секта мүшелерінің саны 1650 адамды құрайды.

«АУМ Синрикё» Еуропалық одақта және АҚШ-та террорлық ұйымдар тізіміне енгізілді.

«Шығыс Түркістанды азат ету ұйымын» («Шарки Туркестан озатлик ташхилаты», ШАТ) 1994 жылы қолбасшы Маметин Азлет (Хазрет, Казрат) құрды.

Аталған ұйым террорлық және басқа экстремистік актілерді іске асырғанын қоспағанда, ҚХР Шыңжаң-Ұйғұр автономды ауданының аумағында дербес мемлекет құру мақсатында қытай өкіметіне қарсы қарулы күреске шықты.

ШАТ-тың Орталық-Азия аумағында тараған іс жүзіндегі әрекеті, атап айтсақ, қару сатып алуға және контрабандалық жолмен оны Шыңжаң-Ұйғұр автономды ауданына жіберуге, шетелде сепаратистік идеяларды насихаттауға  және ұйымға жаңа мүшелері тартып, оларды шетел лагерьлеріне диверсанттық-террорлық  дайындыққа  жіберуге бағытталады.

«Түркістанның ислам партиясы» (әрі қарай - ТИП), сонымен қатар «Түркістанның жамағаты» және «Түркістандық жамағат» деген аттармен белгілі.

2004-2005 жылдары Пәкістанның Вазиристан провинциясындағы еркін тайпалардан «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы» халықаралық террорлық ұйымның орнына қайта жасақталып, қайта аталды.

2005 жылы ТИП «Аль-Каида» ұйымының жарғысын қабылдап, «жаһандық» жихадқа қатысты. Ұйым мүшелері ислам дінінің радикалды бағытын ұстанады және «Аль-Каидамен» бірлесіп «ислам жауы» болған АҚШ-қа және оның одақтастарына қарсы қарулы қақтығысқа  шығуға насихаттайды. Сонымен қатар, ТИП ҚХР-дың автономды ауданы  Шыңжаң-Ұйғыр аймағында және Орталық Азияның жекелеген елдерінде ислам мемлекетін құру үшін күрес жүргізуді өз жоспарларындағы  алдыңғы міндеттер қатарына енгізді.

«Джунд аль-Халифат» – БАҚ-та жарияланған ақпараттарға сәйкес «Джунд аль-Халифат» (Халифат жауынгерлері) – 2011 жылы жазда ауған-пәкістан шекарасында Қазақстан азаматтарымен Қазақстан Республикасы территориясында джихадты насихаттау мақсатында құрылған лаңкестік ұйым болып табылады.

ҚР Бас прокуратурасының ресми мәліметтері бойынша, үйымның басшысы ҚР азаматы Хабидолла Ринат болған. Ол 2001 жылы 25 қазан мен 1 қарашада Интернетте Қазақстанға қоқан-лоқы көрсетіп, оны таратқан, соңынан 2011 жылы Атырауда болған терактының жауапкершілігін өз мойнына алған.

«Халифат жауынгерлерінің» жарылыстарды өз мойнына алуы туралы, джихадтық форумдарда таралып, жекелей айтқанда Shumukh al-Islam форумында таратылғандығы Long War Journal  жариялады.

Атап айту керек, бұл ұйымға қатысты Интернетте бір-екі видеодан басқа роликтер таратылмаған. Аталған ұйымды идеалогиялық құрылғы ретінде, қазақстандық қоғамды белгілі бір уақыт аралығында үркіту мақсатында пайдаланған деп айтуға дәлелдер бар.

Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешіміне сәйкес «Джунд-аль-Халифат» террористік ұйымына тыйым салынған.

«Сенім. Білім. Өмір» – рухани тәлімгері Ысматулла Абдуғаппар болған діни-радикалды ағым.

Топ Қазақстан аумағында 10 жылға жуық «табысты» әрекет етіп, ел ішінде 200 тарта өз өкілдігін ашты.

Пешавар қаласында тәжірибеден өткен кезде соның ықпалына ерген шығыстанушы-студент Ғалым Боқашевтың шақыруымен Ысматулла Абдуғаппар Қазақстанға алғаш 1996 жылы келген.

Исматулла «шынайы ислам» келбетін жамылған өз ілімін елімізде таратуға әрі оны нығайтуға дереу кірісті. Шын мәнінде, оның зікір салғаны, яғни топ болып  бірсарынды қимылдар жасағаны және Құдай атын үстін-үстін қайталағаны – Қазақстан үшін сопылық ілімге жат дәстүр еді.

Ысматулла Абдуғаппар «ерекше дарынды» адам ретінде, ІХ ғасырда бес жасында жасырынған және оралуға уәде еткен 12 имамның соңғысы – Мәдінің кейпінде келгендігіне өзінің жолын ұстанушыларды сендірмек болды. Ислам мессиясын арқалаған ол өзіне «Мақсұм Тақсыр» - «Құдай қорғаған әмірші» атауын иемденді.

2012 жылдың 7 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық зкономикалық соты облыс прокурорының талап арызы бойынша «Сенім. Білім. Өмір» Республикалық коғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп тану, оның қызметіне тыйым салу және мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады.

«Таблиғи Джамағат» (ТДж) – «таблиғ» сөзінің мағынасы араб тілінен аударғанда «жеткізу, хабарландыру, ескерту», ал «жамағат» сөзі - «топ», «құрылым» деген мағыналаларды білдіретін халықаралық ұйым. 

«Таблиғи Джамағат» діни ұйымын 1927 жылы Үндістанның Мевате провинциясынан шыққан Моулан Мухаммад Ильяс (Мухаммад Рияз Мухаммад Исмаил Ал-Ханафи Ад-Дайлубанди Ал-Джашти Ал-Кондехлави) құрды.

Діни ұйымның мақсаты «жалған мусылмандарды», яғни өзін мұсылман санаған, бірақ діни құлшылықтарды орындамайтын мұсылмандарды шынайы ислам дініне шақыру болып табылады.

«Таблиғи Джамағат» ұйымы діни ұстанымға байланысты қоғамды жікке бөлетін, конституциялық құқыққа,  міндетті білім алуға және отбасылық  қамқорлыққа қарсы шығатын деструктивті сипатқа ие. 

Ұйым зайырлы конституциялық, демократиялық, құқықтық мемлекеттік құрылымды өзгертуге бағытталған ыңғайлы жағдай қалыптастырады.   

«Ат-Такфир уәл-хиджра» («Дінге сенбеуші деп айыптау, өз дінін сақтап қалу үшін қоныс аудару») – Европалық Одақ елдерімен Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттерде экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған.

Тәкфіршілдік – «Мұсылман бауырлары» мысырлық ультрарадикалды партиясының бір қанаты ретінде 1966 жылы Мысыр теологы Мұстафа Шукридің бастамасымен Саид Кутбаның радикалды идеологиясы негізінде қалыптасқан.

Тәкфіршілер «джихад» ұғымын тар мағынада яғни дін үшін қарулы соғыс ретінде түсінеді. Бұл қозғалыс жақтастары жер бетінде «джахалиядан құтылудың бірден-бір жолы жер бетінде Алланың билігін орнатуды» алға тартады.

«Ат-Такфир уәл-хиджра» идеологиясының негізі – өздері өмір сүріп жатқан мемлекеттің ішкі  басқару жүйесін айыптап, шариғат заңының дұрыс еместігін желеу етіп, шариғи заңдар сақталатын өзге елдерге қоныс аудару болып табылады. Ол жақтан әскери тәжірибеден өтіп, «кәпірлер мемлекетіне», оның азаматтарына қарсы жихад жариялауды меңзейді.

Тәкфіршілер христиан және иудейлермен қатар мұсылмандарды да дінсіздікке айыптайды. Бұл ұйым өкілдерінің қолымен жасалған әрекеттерді бағамдар  болсақ, исламға мүлдем керағар, қатыгездік,  жауыздық, өшпенділік, адам өлтіру сынды мәселелер көп кездеседі.

Астана қаласының прокуратурасының 2014 жылдың 18 тамызындағы мәлімдемесі бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты «Ат-такфируаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы шешім қабылдады.

«Ислам мемлекеті» (әд-Дәулә әл-Исламия) немесе Ирак және Шам Ислам мемлекеті (ИШИМ/ДАИШ) – радикалды исламизм идеологиясын ұстанған халықаралық әскери лаңкестік ұйым. 2013-2019 жылдары әлем елдері мойындамаған мемлекет ретінде Сирия мен Ирактың бірқатар аудандарын өз бақылауында ұстады.

«Ислам мемлекетінің» тарихы 2003 жылы АҚШ Саддам Хусейн басқарған Иракқа соғыс ашқан кезден бастау алады. 1990 жылдардан бастап  Әл-Каидамен байланысы бар. «Таухид және жиһад» жамағатының жетекшісі Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң әйгілі лаңкес Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Каиданың Ирактағы бөлімшесін құрды. 2006 жылы әз-Зарқауи қаза тапқаннан кейін оның жақтастары бірқатар экстремистік топтармен бірігіп «Ирак Ислам мемлекетін» құрды. 2009 жылға қарай толығымен дерлік жойылған бұл топ 2010 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдади басшы болып тағайындалғаннан кейін қалпына келе бастады.

2013 жылы әл-Бағдади Ирак пен Сирия аумағында «Ирак және Шам Ислам мемлекеті» құрылғанын жариялады. Әл-Каида мен оның Сириядағы бөлімшесі – «Ан-Нусра майданы» бұл әрекетті мақұлдаған жоқ. Екі топ арасындағы келіспеушілік ақыр соңында бұрынғы одақтастар арасындағы қақтығысқа әкелді.

2014 жылдың маусым айында Ирактың ірі қаласы Мосулды басып алған Ислам мемлекеті өзін «халифат» деп жариялап, топтың көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді «халифа» етіп сайлады. Бір кездері Ислам мемлекетінің қол астындағы Сирия мен Ирак мемлекеттерінің аймақтарында бірнеше миллион адам өмір сүрді. Бұдан басқа Ислам мемлекетіне Ливия, НигерияАуғанстан және т. б. мемлекеттердегі шағын аудандар (уәлаяттар) бағынышты еді.

«Ислам мемлекеті» күшейіп тұрған кездері әлемдегі ең бай қарулы топқа айналды. Нағыз мемлекетке ұқсап баққан Ислам мемлекеті «Ислам динары» деп аталатын өз ақшасын да шығарды. Қаржының басты көзі – шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің саудасы болды. Оған қоса Ислам мемлекеті адам ұрлау, банктерді тонау, бопсалау, салық жинау және құнды жәдігерлерді сату арқылы да біраз ақша тапты. Ислам мемлекеті әскерінің қатарында ондаған мың жауынгер соғысып, олардың арасында тек араб мемлекеттерінің тұрғындары ғана емес, ЕуропаСолтүстік Америка және Азия құрлықтарының бірқатар елінен келген сарбаздар болды. Ислам мемлекетінің содырлары заманауи қару-жарақты, оның ішінде танкілер мен құрышты техниканы да қолданды.

«Ислам мемлекетіне» тойтарыс беру үшін құрылған халықаралық коалицияның құрамына әлемнің көптеген мемлекеттері қосылды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне кіретін бес мемлекеттің төртеуі (АҚШРесейҰлыбританияФранция) Ислам мемлекетіне қарсы соғыс жариялады. Сонымен қатар «Ислам мемлекетіне» бірқатар мемлекеттік емес ұйымдар қарсы шықты. Одақтастардың күші басым болғанымен, олардың арасында түсініспеушілік пен араздық орнап, «Ислам мемлекеті» төндірген қауіпті біраз уақытқа дейін ауыздықтау мүмкін болмады.

Әлемнің көптеген елі «Ислам мемлекетін» лаңкестік ұйым ретінде мойындап, оған тыйым салды. 2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласының Есіл аудандық соты «Ислам мемлекеті» (ИМ) халықаралық ұйымын террористік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы шешім қабылдады. БҰҰ-ның шешіміне сәйкес, Ислам мемлекетіне көмек көрсеткен тұлғалар санкция тізіміне енгізілетін болды.

2015 жылдан бастап «Ислам мемлекеті» қол астындағы көптеген аймақтардан айырыла бастады. Сирия және Ирак әскерилері ТикритБайджи, Синжар, Эр-РамадиЭль-ФаллуджаМосулРакка (ұйымның штаб-пәтері), Дейр-әз-Заур секілді ірі елді мекендерді өз бақылауына қайтарды. 2017 жылдың қарашасында «Ислам мемлекетінің» Ирактағы соңғы қаласы –  Рауаны ирактық әскерилер басып алды. 2019 жылдың наурыз айында Сирия аумағындағы Ислам мемлекетінің соңғы бекінісі – Бағуз Фауқани елді мекені АҚШ қолдаған «Сирия демократиялық күштерінің» қолына өтті. Сол жылдың қазан айында Сирияның Идлиб облысында АҚШ қарулы күштері ізіне түскен «халифа» Әбу Бәкір әл-Бағдади қаза тапты. Иран, Ирак, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің ресми өкілдері «Ислам мемлекетінің» жеңіліс тапқанын жариялады.

«Ан-Нусра фронты» «Фронт ан-Нусра» немесе «Джабхаат ан-Нусра», «Джабхат ан-Нусра ли-Ахли аш-Шам», «Аш-Шам халқына көмек майданы», «Сириядағы Аль-Каида» деген атаулармен белгілі. «Аль-Каида» халықаралық исламдық террористік ұйымының Сирия және Ливан аумағындағы бөлімшесі.

Бұл топ 2012 жылғы 23 қаңтарда Сириядағы азамат соғысы кезінде құрылған. Сол уақыттан бері көтерісшілер топтары арасында айтарлықтай ықпалды топтардың бірі ретінде қарастырылады.

Топтың құрамында сириялықтармен қатар Сауд Аравиясы, Ирак, Пакистан, Ливан, Түркменстан, Франция, Ұлыбритания және басқа елдердің азаматтары соғысуда.

«Фронт аль-Нусра» жетекшісі «Абу Мухаммад аль-Джулани» деген лақап атпен әрекет ететіні белгілі.

Бұл террористік ұйым қолға түскен үкімет армиясы солдаттары мен бейбіт тұрғындарды, соның ішінде алавиттер мен шииттерді жазалау тәрізді көптеген әскери қылмыстар бойынша айыпталады.

2013 жылғы қарашада «Аль-Каида» жетекшісі Айман Завахири «Фронт аль-Нусра» Сириядағы «Аль-Каиданың» бірден-бір заңды өкілі екенін жариялаған.

БҰҰ және АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Түркия және Ресей елдерінде террористік ұйым ретінде танылған.

2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласының Есіл аудандық соты «Ан-Нусра фронты» халықаралық ұйымын террористік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы шешім қабылдады.

«Йакын инкар» – «Таблиғи жамағат» ұйымының бөлігі деп танылған. «Йакын Инкар» атауы араб тілінен аударғанда  «Құдайдан басқаның барлығын тәрк ету» деген мағынаны білдіреді. Бұл ағымды ұстанушылар пайғамдар заманындағыдай өмір сүруді дұрыс деп санайды. Шашын ұзартып, өсіріп,  араб киімін киіп, жалаңаяқ жүреді. Өркениеттен, заманның тұрмыстық жетістіктерінен бас тартып,телефон мен теледидардан бас тартуды насихаттайды. Ұйымның шынайы мақсаты жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру.
         Аталған ұйымның ұстанушылары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле тұра өзге діндерді жоққа шығарған, бұл әрекеттер діни экстремизм ұғымының белгілеріне сай келеді.

Бұл ұйымға көршілес Қырғызстан Республикасындада 2017 жылы  тыйым  салынды.

 

Оккульттік-мистикалық ұйымдардың қысқаша сипаттамасы

 

  1. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылдың 22 желтоқсанындағы және 2009 жылы 12 қаңтарындағы  Астана қаласының сот шешімдеріне сәйкес «Алля-Аят» әдісімен емшілік жүргізген Фархад Аблуллаевтың қызметіне республика аумағында тыйым салынды.

Бұндай шешім қабылдауға медицина саласы мамандарының «азаматтардың  денсаулығының әлеуметтік қорғалуына кері әсер ететін және олардың денсаулығына  қауіп төндіруге әкелетін, заңнамамен тыйым салынған, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге бағытталған әрекеттері» жөніндегі қорытындысы негіз болды.

Жүктеп алу

31.07.2025
13
0