Карантиндегі жанұя жарасымы
Карантиндегі жанұя жарасымы
10.06.2021
508
0

Ауру айтып келмейді демекші кешегі күйбең тіршілік пен тоқтамайтын халық, бүгінде далада емін-еркін жүрудің өзіне зар болып қалғандай. Қозғалысқа үйреніп қалған халық үшін, бұл жайт төбелерінен жай түсіргендей болды. Бәлкім, бұл бізге берілген сынақ...

Карантинға дейінгі өмірімізді еске алатын болсақ, дамылсыз, тоқтаусыз жұмыс істейтінбіз. Отбасы, жақындар, достарға деген қарым-қатынасты, жылулықты естен шығарып, күнкөріс қамын ойлап кеттік. Әйткенмен, қу тіршілік, өлмей бітпес...

Осы себептен де, бір-біріміздің қадірімізді түсінсін деген, жаратқанның қалауы болар. Карантиннің пайдасы осы болғанымен, зияны да жоқ емес. Осы індет кесірінен, жасымыз да, кәріміз де бұл өмірмен ерте қоштасты. Жазықсыз жандар жапа шекті. Себепсіз көз жасы тамылды. 

Халқымыз заманында небір қиын жылдарды бастан өткізді. Алланың арқасында еліміз қиын-қыстау, аласапыран кезеңдерді өткеріп, бүгінгі бейбіт, азат, егеменді заманға да жетті. Сол үшін де қазіргі кішігірім қиындықтарды да азаматтарымыз оңайлықпен еңсереді, еңсеруде. Осы орайда отбасындағы тіршіліктің тынысына, көңіл-күйіне әйелдердің әсері басым екені айдан анық. Өйткені үйдегі дастарханның иесі де, бала-шағаның негізгі сұранысы да нәзік жандыларға түседі. Халқымыз сондықтан да «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген. Өйткені келешекте ел басқарар азамат та, ақын да, батыр да бәрі осы әйелдің бесіктен бастап тәрбиесін алып өспек.

Сондықтан да осындай қиын-қыстау уақытта бұл жағдайды да әйелдер дұрыс жағына пайдалана алуы керек. Пайдаланып жатқандары да баршылық. Мұндай карантин Ислам тарихында да болған. Бұл кішкене сынақтан да аман есен өтерміз, өтіп жатырмыз. Әрбір нәрсенің екі жағы бар. Кез-келген нәрсенің соңында қайыры бар.

Адам өмірінде болатын жайттардың көбісі ойламаған жерден орын алатыны белгілі. Әсіресе дүйім дүниені дүр сілкіндіріп, әлемді әбігерге салған індет —  ойламаған жерден тарап, барлық мемлекеттің осал тұсына айналды. Иә, расымен де «айтып келмеген ауру» алғашында барша жұрттың есін шығарғаны жасырын емес. Алайда індетттің ілмегіне іліккендер саны өршіп, жақын-жораларымыздан қапыда айырылтқаны, сағымызды сындырғаны өкінішті. Індет  бізді және бізді қоршаған барша адамдардың санасына үлкен ой мен түйін әкелген секілді. Әсіресе, қоғамдағы барлық жүйенің карантиндік режимге өзгеруі.

Алла Тағала Құранда: «Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара» сүресі, 216 аят) деген. Сонымен қатар, Құранның «Инширах» сүресінің 5-6-аяттарында:«Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар» делінеді. Сол үшін қазіргі жағдайдың бір жағынан қиындығы болса, екінші жағынан көптеген пайдасы, жақсы жағы да болып жатыр. Мәселен, көптеген ерлі-зайыптылар жұмыстан қолы босамай, бала-шағасына, бір-біріне көңіл бөле алмай кетсе, осы күні карантин режимімен мәжбүрлі түрде отбасымен бірге болып, балалардың тәлім-тәрбиесімен айналысып отыр.

Десе де, карантиннің өзіндік тиімді тұстары болған секілді. Бұл, әсіресе отбасылық құндылық пен демо­графиялық дамуда байқаладыю.Ажырасу төрт есеге дейін азайды, жастар жаппай үйленіп жатыр,аяғы ауыр әйелдердің
 саны артты.

Бұл режим адамның жаңа, тың қабілеттерін дамытқаны рас. Әсіресе, технологияның тілін меңгеріп, онымен тез жұмыс жасауды бірден үйретті.  Бір жағынан бір темірге телміріп, денсаулық пен уақытының көп бөлігін соған кетірді. Қанша жерден карантиннің зиянынан пайдасы артып тұрса да, бір-бірімізбен дидарласып, жарқын жүздесудерде жұмыс жасағанға не жетсін, шіркін!

 

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

теолог маманы                                                                   Рысметова Шахиста

0 пікір