Сириядан Қазақстанға қайтарылған 15 азамат бас бостандығынан айырылды
Сириядан Қазақстанға қайтарылған 15 азамат бас бостандығынан айырылды
18.10.2019
347
0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі "Жусан" операциясы шеңберінде Сириядан 600-ге жуық Қазақстан азаматы елге қайтарылғанын, террористік ұйымның әрекетіне қатысу фактісі бойынша 15 адамның жазаға кесілгенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Рассказать Вконтакте

Баспасөз қызметінің ақпарынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірлесе отырып, "Жусан" операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын елге қайтарды, оның ішінде төрт жүзден астамы – балалар.

"Елге қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тергеу нұсқасы бойынша, Сирияда ДАИШ-тың бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, лаңкестікке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды.

Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді.

 

 
0 пікір