2020 жылдың 30 қаңтар күні Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округіндегі № 18 Құрмантаев атындағы жалпы орта мектебінде Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы» тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.
Дінтанушы – теолог маман Экстремизм - «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді . Жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады.Террор сөзінің мағынасы латын тілінен аударғанда, қорқыныш, үрей деген ұғымды білдіреді.
Терроризмнің обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Қылмыстың обьективтік жағы - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы,елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қауіпін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау. Терроризм мен экстремизм үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 255-260 баптарында көзделген, соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған. Мысалы, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу үшін ең қатаң жазасы - он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, терроризм актісін жасаған үшін он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазалануы көзделген.
Қоғамда деструктивті ағымдарда жүрген жастар өз халқының салт - дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып,өздері тұратын қоғамнан шектетілуде. Жастар арасында тек дұрыс діни ақпараттарды жеткізумен шектелмей, үлкенге құрмет, білімге деген қызығушылық,қонақ қадірлеу, түрлі спорттық шаралар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз керек. Кездесу сонында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.



+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru