2019 жылдың 19 қараша Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округі жоғарғы сынып оқушыларымен «Дін – тұрақтылық кепілі» тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маман Бердуәлі Өтеген кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен зайырлылық ұстанымдары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ Ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дінімізді әрбір мұсылман азаматы білуі міндет екенін ескертті.деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы туралы сөз қозғады. Деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтірер зияндары; қазақ халқының құндылықтары мен мемлекетіміздің басқарылу жүйесіне қарсы екендіктері туралы айтылды. Сөз соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, еліміз аман, жұртымыздың тыныштығын тілеп кездесуді аяқтады.