Дін және жастар
Дін және жастар
05.09.2019
786
0

2019 – жылдың 05 қыркүйек күні Жетісай ауданы, «М. Байзақов атындағы №18» жалпы орта мектебінде деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтандыру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жетісай аудандық маманы М. Салиходжаев түсіндірме жұмысын жүргізді. Сөз басында мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бейбіт заманда өздеріне жасалып отырған осындай орасан зор мүмкіндікті пайдаланып, мектеп қабырғасынан білімге сусындап шығуға шақырды. Келесі кезекте маман М. Салиходжаев ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында екенін ұқтырып, анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алатынын жеткізді. Дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – үкімет билігіне көз жеткізу және халық арасында өз ойлағанын орнату. Осы мақсатта олар көбіне жастарды қатарына қосып, көптеген отбасыларға іріткі салады. Осылайша елдің тыныштығын бұзып, көксеген мақсатына жету. Сондықтан да дәстүрімізді ұлықтап, өз бойындағы асыл қасиеттерді ояту мақсатында құнды кітаптардан көптеп білім ізденуге шақырды. Өз кезегінде осы айтылған жайттарға жауап ретінде жоғары сынып оқушылары хакім Абай Құнанбайұлының бірнеше өлеңдерін жатқа оқып берді. Кездесу соңында мектеп оқушыларынан қадірлі уақыттарын ғаламтор немесе әлеуметтік желілерді шарлаумен зая кетірмей, терең білім іздене жүріп өзінің еліне шама – шарқымыз жеткенше оң үлесімізді тигіземіз деген уәделерін алды!

 

На изображении может находиться: один или несколько человек и толпа

На изображении может находиться: 17 человек, в том числе Дін Қоғам, в помещении

0 пікір