БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Бас мүфти жұмыс сапарын түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден бастады. Зиярат рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов арнайы қатысты.
Зиярат барысында ҚМДБ Төрағасы қасиетті Құран аяттарын бағыштап:
«Алла Тағала киелі мекен – Түркістанда жерленген ел билеген хан-сұлтандарымызды, абыз-әулиелерімізді рақымына бөлегей. Жаратушы Жаббар Иеміз Қожа Ахмет Ясауи бабамызды мейіріміне алғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай»,- деп дұға етті.
Көп оқылғандар
ТҮРКІСТАНДА АНАЛАРДЫҢ ҰЛТ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БАС МҮФТИ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ТҮРКІСТАНДА «КҮЛТӨБЕ CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ
ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru